Жаңалықтар
«Анам – әкемнің төртінші әйелі»: Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет отбасы мен екінші жары туралы айтты
05.12.2023
166
Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет ата-анасы мен екінші жары туралы айтты. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтты.
Өнер иесінің бірінші жары ата-анасына ұнамаған көрінеді.
«Менен бұрын менің әкем ғашық болды. Қатямен танысқан кезімде бірінші әке-шешеме көрсеттім. Өтірік айтпаймын, әкем Катяны көрген кезде бірден құлады. Әкем «сенің әйелің осы, саған пысық әйел керек» деді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан ұнаған жоқ. Ал, Катя оларға бірден ұнады. Кейде «әкем өзі ғашық саған» деп әзілдеймін. Әкем екінші келініне батасын беріп, 92 жасқа келіп қайтты. Оның ұзақ өмір сүруінің себебі, мүмкін келінінің жақсы қарағанынан да шығар деп ойлаймын. Анам 94 жасқа келді, оған да келіні жақсы қарап отыр», – дейді композитор.
Сондай-ақ, бірінші әйелімен ажырасуына Катяның қатысы жоқ екен. Әншінің айтуынша, ондай өсекке сене беруге болмайды.
«Бірінші жеңгелеріңмен ажырасудың себебі басқа. Жылдар бойы жіпке тізілген себеп. Екінші рет үйленгенде тұрған ешнәрсе жоқ, мысалы менің анам әкемнің төртінші әйел. Сонымен қатар ата-анама қарайтын адам керек болды. Олар екеуі ғана тұрды, сондықтан Алматыға көшіріп алып келдім. Оларға күтуші алып қоймаймын ғой, ақшаға жұмыс істейтін адам дұрыс қарамайды, үйді жинап, тамағын істеп кетеді. Жаны ашымайды. Оны алған себебім де осы, ата-анама қарайтын адам керек болды. Осындай жағдайға көнетін жар іздедім, Катя көнді, сол үшін оған алғысымды білдіремін. Әкемнің көп жасағаны, анамның қазіргі жағдайы – Катяның арқасы. Мен үшін ата-анамның көңілі бәрінен биік болды, олардың өмірден риза болып кеткенін қаладым. Ата-ананың ризалығын алмай, басқа істеген ісің мен дұғаң, тіпті қажылыққа бес рет барып келсең де ол қабыл болмайды», – деп түсіндіреді әнші.
Сонымен қатар, әнші екінші жұбайы Екатеринамен қалай танысқанын да айтты.
«Хабар» арнасына бағдарламаға барғанмын. Түсірілім аяқталып, студиядан шыққан кезімде Серік Абас-шах ағамыз келесі «студияға кір, көрермен болып отыр» деді. Амалсыздан кіріп отырдым. Бұл бағдарламада түрлі ұлт өкілдері жарысып жатыр екен. Катяны да бастығы бағдарламаға қинап жіберген. Ақыры Катяның тобы жарыста жеңді. Мен Катяның ең алдымен өзіне емес, қазақша сөйлегеніне ғашық болдым. Қазақша таза, әдеби сөйледі. Тура бір филология факультетін бітірген таза қазақтың қызы сияқты болды.
Артынан бір жыл жүгірдім, Алланың қалауымен кейін қарады. Әрине, оған да оңай болған жоқ. Отбасым, балаларым бар екенін білді. Ата-анаммен таныстырғанда оларға бірден ұнағанын көріп, «осылай болу керек, менің ойлағаным мен арманым осы» дедім», – деп сөзін аяқтады әнші.
-
БҚО-дағы автобус апаты: 4 бала ауруханада жатыр15:11, 01 сәуір 2026
-
-
Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды13:53, 01 сәуір 2026
-
Доллар неге арзандады?12:40, 01 сәуір 2026
-
Депозитке тәуелді экономика: ақша бар, бірақ өндіріс жоқ12:27, 01 сәуір 2026
-
Ұлттық қор қаржысы: тиімділік пен тәртіп қайда?12:12, 01 сәуір 2026
-
-
Елімізге танымал Олимпиада ойындарының жүлдегері спорттан кетті11:43, 01 сәуір 2026
-
Нұрай Серікбайды өлтірген жігіт психикалық орталыққа жатқызылды11:22, 01 сәуір 2026
-
Қостанайда полицейді балалардың көзінше сабағандар ұсталды10:11, 01 сәуір 2026
-
"Ажырасып құлпырды": Мөлдір Мұқан туған күнін дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)17:02, 31 наурыз 2026
-
"Жақсы ырым емес": Жазира Байырбекова келінінің орамалын аукционға қойған (ВИДЕО)09:00, 01 сәуір 2026
-
-
-
«Екіжүзділік»: Баян Алагөзова Меккеге барып, кейін өзгермейтіндерді сынады02:00, 01 сәуір 2026
-
Тоқаев «Русская медная компаниясының» негізін қалаушысын қабылдады15:52, 31 наурыз 2026
-
“Туған қарындасымдай”: Қыдырәлі Болманов Мөлдір Мұқанға деген ықыласын жеткізді00:00, 01 сәуір 2026
-
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді15:45, 31 наурыз 2026
-
Зардап шеккендер бар: Оралда оқушылар автобусы апатқа ұшырады16:44, 31 наурыз 2026
-
Қазақстанда бүгіннен бастап не өзгереді08:00, 01 сәуір 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026
-
-
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-
-
-
"4 жылдан бері ұйқы жоқ, түнімен жылаймын": Блогер Ырысбала жан сырын ақтарды (ВИДЕО)09:44, 29 наурыз 2026
-
"Асырап алған": Олжас Абай мен Дариға Бадықова қолдарында сәбимен көзге түсті (ВИДЕО)10:08, 30 наурыз 2026
-
"Сұлу екен": Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі жас қызбен жүр (ФОТО)09:00, 26 наурыз 2026
-
"Енді спорттан кете ме?": Әбиба Әбужақынова сырғалым атанды (ФОТО)14:38, 26 наурыз 2026
-
"Айқайламаңыз маған!": Құлыбаевтың әкесі Мақпал Жүнісоваға дауыс көтерген09:29, 11 наурыз 2026
-
"Димаштың әкесі сотқа берді": Белгілі блогер күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:36, 12 наурыз 2026
-
-
"Бар жағдайын жасап алыпты": Нұрлан Имамның үйі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)10:39, 03 наурыз 2026
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты17:40, 22 наурыз 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026
-
«МашАлла мен Әлхамдулилласыз да өмір сүрдік»: Баян Мақсатқызы даулы мәлімдеме жасады12:38, 18 наурыз 2026
-
-