🏛️ Саясат

Тоқаев «Русская медная компаниясының» негізін қалаушысын қабылдады

Тоқаев «Русская медная компаниясының» негізін қалаушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Барлық жаңалық