Қоғам

«Жаныңыз жәннатта болсын»: Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан қара жамылды

«Жаныңыз жәннатта болсын»: Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан қара жамылды

Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желідегі парақшасында атасы Айтмұханның қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады ozgeris.info.

Спортшы жүрекжарды жазбасын жариялап, оқырмандарына жақын жандардың қадірін білуге шақырды.

«Бүгін мен қанатымнан айырылдым... Айтмұхан атамнан айырылдым.

Мен Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, Ата... бірақ үлгермедім.

Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер.
Бұл - ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт.

Ата, мен сізді қатты жақсы көремін.
Жаныңыз жәннатта болсын», – деп жазды ол.

Барлық жаңалық