Әлеуметтік желіде танымал продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпарат тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
TikTok-та жарияланған фотода Баян Мақсатқызының экс-күйеуі Бақытбек Есентаев белгісіз жас қызбен бірге түскен. Осы сурет желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Көпшілік пікір қалдырып, «Баяннан да әдемі екен», «Әрдайым сұлу әйелді таңдайды екен», «Енді бақытты болсын», «Ұлды болсын» деген сынды тілектерін жаудырған. Сондай-ақ, кейбір қолданушылар қыздың Есентаевтан едәуір жас екенін атап өткен.
Алайда бұл ақпараттың ресми түрде расталмағанын айта кеткен жөн.
Еске сала кетейік, 2016 жылы Бақытбек Есентаев жұбайы Баян Мақсатқызын өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға сотталған болатын.
Кейін 2022 жылдың жазында жазасының бір бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.