Жаңалықтар

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласы мен маңындағы елді мекендерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Мамандардың дерегінше, жер дүмпуі 31 наурыз күні сағат 13:23-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Тереңдігі шамамен 10 шақырымды құраған.

Сезілу күші аса жоғары болмаған – Жаркент қаласы мен Панфилов ауданында шамамен 2 балл деңгейінде байқалған.

 
 
Барлық жаңалық