Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында мектеп автобусының қатысуымен болған жол апатынан кейін 23 бала, 7 ересек адам Орал қаласындағы ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, соның ішінде оқиға салдарынан зардап шеккен төрт бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматология бөліміне жабық бас-ми жарақаты диагнозымен жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауымен ем алуда.
- 19 бала, 7 ересек науқас толық тексеруден өткізілді. Атап айтқанда, рентгенография, компьютерлік томография, ультрадыбыстық және зертханалық зерттеулер жасалды. Содан кейін бейінді мамандар қарағаннан кейін ұсыныстармен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.