Спорт

Елімізге танымал Олимпиада ойындарының жүлдегері спорттан кетті

Елімізге танымал Олимпиада ойындарының жүлдегері спорттан кетті

Фристайл-акробатикадан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешімді даңқты спортшы ел біріншілігінде жеңіп алған екі алтын жүлдесінен кейін жариялады.

Юлия Галышева Қазақстанның қысқы спорт тарихында әлемдік және құрлықтық ірі жарыстарда елеулі жетістіктерге жеткен санаулы спортшылардың бірі.

Айта кетейік, ол 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бес дүркін әлем кубогінің жеңімпазы. Сонымен қатар, Азия ойындарында үш рет күміс жүлдеге ие болған. Ал 2019 жылы фристайл-акробатикадан Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Бұған қоса ол 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылдары бес рет Олимпиада ойындарында ел намысын қорғады.

Барлық жаңалық