Продюсер Қыдырәлі Болманов әнші Мөлдір Мұқан туралы жылы пікір білдіріп, оған деген ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды Nur.kz.
Оның айтуынша, Мөлдірді Астанаға көшіп келіп, Тұрсынбекпен танысқан кезден бері жақсы таниды. Өнер иесі әншінің әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, ағалық сыйын аямайтын ақжарқын жан екенін атап өтті.
“Қашан көрсем де, ағалап, ыстық ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп жүреді. Туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрметін білдіріп тұрады. Алла разы болсын!” – деді ол.
Сондай-ақ продюсер Мөлдірге ақ тілегін арнап, оның отбасына амандық тіледі.
“Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, мейірімді Алла саған да солай мейіріммен қарасын! Тілегіңді қабыл етсін. Алла жайнап өсіп келе жатқан құлыншақтарыңның бақытын көруді нәсіп етсін!” – деп жазды Қ. Болманов.