«Өмірімді өзгертті»: Гүлназ Жоланова ұзақ жасырған құпиясын ашты

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова алғаш рет ана болғанын ресми түрде растады. Өнер иесі өткен жылдың тамыз айында тұңғышын дүниеге әкелгенін хабарлады, деп жазады Ozgeris.Info.

Гүлназ Жоланова ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін ана атанғанын растады. Бұл туралы актриса Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтетін боламын. Себебі бұл айда мен ана атандым», — деп жазды өнер иесі.

Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі Гүлназ Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмысқа шыққан еді. Белгілі болғандай, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі – ресторандар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Олардың меншігінде Өскемен қаласындағы бірнеше ресторан мен отельдер бар.