"Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтетін боламын. Себебі бұл айда мен ана атандым", - деп жазды өнер иесі.
Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі Гүлназ Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмысқа шыққан еді. Белгілі болғандай, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі – ресторандар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Олардың меншігінде Өскемен қаласындағы бірнеше ресторан мен отельдер бар.