2024-2025 оқу жылындағы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 3 тамызда сағат 11.00-де жарияланады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тізіммен мына жерден таныса аласыз. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.

Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.