Жұмыс іздеушілер әскерде: комиссариаттың жасырын жоспары

Фото: pixabay

Әскери комиссариаттың жастарды әскерге алып кетудің жаңа тәсілі белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өзгеріс порталының тілшісіне белгілі болғандай, әскери комиссариат жастарды жұмыс істеуге шақырып, ол жерден әскерге алып кетеді. Бұл туралы біздің тілшіге осы тәсілдің құрбаны болған ер адам айтты.

Жұмыс іздедім, содан кейін Instagram арқылы кеңесші лауазымына хабарландыруды көрдім. Телефон нөміріне қоңырау шалып, Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов 168, 727 бизнес орталығы мекен-жайы бойынша әңгімелесуді тағайындады.

Әңгімелесу кезінде нақты сұрақтар қойылмай, біз қайда жұмыс істейтініміз туралы ақпарат берілмеді, бірақ жұмыс мекенжайы әр жолы өзгеретінін, оқуға келетінін, жұмыс жасауды үйрену бизнес орталықта бір күнге жалғасатынын айтты.

Оқуға менен басқа шамамен 18-20 жастағы 10-15 ұл бала болды. Іс жүзінде бізді топтарға бөліп, екі аға жұмысшыдан тағайындады. Біздің құрам үш ұлдан және екі қыздан тұрды, олар — бұрынғы жұмысшылар. Бәріміз бірге автобуспен жұмыс орнына бардық. Жол бойында мен қыздардан мекен-жайы қайда деп сұрадым. Бірақ оған ешкім жауап берген жоқ, олар бізге жұмыс жақсы екенін, жақсы ақша табатынымызды айтты.

Жұмыс орнына жеткенде, ақ газель келіп тұр, ішінде 3 ер адам олардың екеуі әскери киім, біреуі азаматтық киім киген. Азаматша киінген жігіт сәлемдесіп, қолымды қысып ұстап алды да, туған күнін сұрады. Сол кезде мен қашып кеттім, — дейді ол.