Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысады.
Аталмыш турнир 1-7 сәуір аралығында өтеді.
Бұл Заринаның жарақатына байланысты екі жылға созылған үзілістен кейінгі алғашқы додасы болмақ. Қазақстандық спортшы содан кейін 12-13 сәуірде осы елде өтетін Билли Джин Кинг кубогының Жапониямен іріктеу кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.
Кезінде әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген Зарина Диястың теннистегі ең үлкен табысы Жапония жерімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Ол 2017 жылы Токио WTA турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Еске салайық, бұдан бұрын Зарина Диястың Алматыда жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Недовесов Испаниядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Фото: ҚТФ
ПІКІР ЖАЗУ