БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққысын қауіпті эскалация деп атады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы үш ядролық нысанға жасаған соққысын "қауіпті эскалация" және "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп" деп бағалады. Ол қақтығыстың бақылаудан шығып кету қаупі артқанын айтып, тараптарды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.
15:29, 22 маусым 2025