БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты tengrinews.kz порталына сілтеп.
Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы үш ядролық нысанға жасаған соққысын "қауіпті эскалация" және "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп" деп атады.
"АҚШ-тың Иранға қарсы күш қолдануына алаңдаушылық білдіремін. Бұл – қазірдің өзінде шегіне жеткен аймақтағы қауіпті эскалация және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп. Қақтығыс бақылаудан шығып, бейбіт тұрғындар, аймақ және бүкіл әлем үшін апатты салдарға әкелуі мүмкін деген қауіп артып келеді. Мен БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың басқа да нормаларына сәйкес барлық мүше мемлекеттерді жағдайды ушықтырмауға шақырамын. Бұл қауіпті сәтте хаос спиралінен аулақ болу аса маңызды. Бұл мәселеде әскери шешім жоқ. Алға апарар жалғыз жол – дипломатия. Жалғыз үміт – бейбітшілік", – деді Бас хатшы.