Шоу-бизнес

«Пәлен байға тиген әйел лайықты емес»: Кейуана Қыз Жібектің камзолын кімге беру керегін айтты (ВИДЕО)

«Пәлен байға тиген әйел лайықты емес»: Кейуана Қыз Жібектің камзолын кімге беру керегін айтты (ВИДЕО)

TikTok желісінде туралыққа бастаушы Құралай деп танылған кейуана Қыз Жібектің камзолына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Қарияның сөзінше, Баян Мақсатқызы аталмыш тарихи жәдігерді иемденуге лайық емес. 

"Баян Алагөзова оны алуға лайық емес. Енді оған кім лайықты екенін айтайын. Димаш Құдайберген. Димаш үйленетін болса, соның келіншегі кисе болады. Димаш бүкіл қазақты танытты, еңбегін сіңірді, нағыз қазақтың баласы. Өйткені ол жаңа күйеуге шыққан қыздың киетіні. Баян Алагөзова жасы пәленге келген, пәлен байға тиген әйел. Сол себепті лайықты емес. Димаштың болашақ жары кисе жарасады", - деді ол. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл сөзді жақтасы, енді бірі қарсы шықты. 

Барлық жаңалық