Жаңалықтар

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Тиісті ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Шешім қашан қабылданды? Қор биржасының мәліметіне сәйкес, Досаевты холдингтің директорлар кеңесінен шығару туралы шешім 2026 жылдың 7 сәуірінде қабылданған.

Қызметтен кету хронологиясы Айта кетейік, соңғы уақытта Ерболат Досаев бірнеше ірі лауазымдарымен қоштасты:

  • 2025 жылдың қыркүйегінде ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. Алайда, арада жарты жыл салып, 2026 жылдың наурыз айында бұл қызметтен кетті.

  • Бұған қоса, оның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан да шығарылғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Барлық жаңалық