Қазақстанның барлық өңірлеріндегі су басу аймақтарынан
96 472 адам құтқарылды және эвакуацияланды,
оның үштен бірі — балалар.
"Су тасқыны кезеңінің басынан бері 96 472 адам құтқарылды, оның ішінде 31 640 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала бар",-делінген ТЖМ-нің Telegram каналында.
2 750 тұрғын үй мен
1 816 аула аумағынан су алынғаны атап өтілді. Сондай-ақ,
8,5 млн текше метрден астам еріген су сорылды,
1,3 млн қапшық және
1,1 млн тонна инертті материал төселді.