Жаңалықтар
Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық аграрлық «KazAgro/KazFarm-2023» көрмелері өтеді
19-21 қазан аралығында «ЕХРО» ХКО аумағында еліміздің XIV жыл сайынғы «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмелері өтеді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
«KazAgro/KazFarm» – ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бірегей көрмелер. Бұл сонымен қатар агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновацияларды ұсынуға арналған кәсіби алаң.
«KazAgro» еліміздегі өсімдік шаруашылығының ең ірі көрмесі, онда тұқым селекциясы, заманауи технологиялар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, логистика бойынша қызметтер көрсету сынды мәселелер көтеріледі:
«KazFarm» – эмбриондардан бастап, дайын өнімге дейін және мал шаруашылығының әртүрлі салаларындағы қызметтерге дейін толық қамтылған Қазақстандағы мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытып, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Қазақстандағы кеңінен насихатталған ауыл шаруашылығы іс-шараларының бірі.
«KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық көрмелерінде Қазақстанның АӨК-де аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік агроконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының бірқатар жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары ұсынылатын болады.
Жыл сайын KAZAGRO және KAZFARM алаңдары халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелеріне қатысушы 1000-нан астам делегат жинайды. Бұл көрмелер еліміздің тауар өнімділігін көрсетіп қана қоймай, әлемнің түрлі елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Аталған іс - шара 20 елден 200-ден астам компанияны біріктіреді, соның ішінде: Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Канада, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Италия, Қазақстан және т.б.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларының қатысуымен презентациялар, бизнес-миссиялар және бірқатар семинарларды өткізуді көздейді.
Халықаралық көрмелердің басты оқиғасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі министрлік конференциясы болмақ.
Көрмелер:
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
- Германияның азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрлігі;
- Астана қаласының әкімдігініңы ресми қолдауымен өтеді.
«KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық көрмелерінің ресми ашылу салтанаты 2023 жылғы 19 қазанда сағат 11:00-де басталады.
Ұйымдастырушы «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы (ХКК).
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
Демалыстан кейін қалтаңыз босап қалмасын десеңіз...
16:19, 13 маусым 2025
-
Несие алғанда жұбайының рұқсаты керек пе?
16:08, 13 маусым 2025
-
Ел ұшақтары Иран мен Иракты айналып өтетін болды
15:45, 13 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жасар қызды зорлаған
04:21, 13 маусым 2025
-
"Алжыған ба секеңдеп": Ермахан Ыбырайымов ерсі қылығымен ел назарына ілікті (ВИДЕО)
13:09, 13 маусым 2025
-
«Имандай сендік»: Балғынбек Имашевтың ұлына қатысты тағы 40 шақты адам шу шығарды
03:00, 13 маусым 2025
-
Мемлекет басшысы медицина мамандарын марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
13:04, 13 маусым 2025
-
Тоқаев қол қойған заң: 25 мың қызметкердің айлығы артады
10:06, 13 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-