“Медалімді ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем“. Назым Қызайбай алғашқы жүлдесі туралы

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері Назым Қызайбай «Әйгерім Сейфолламен сырласуда» телебағдарламасына берген сұхбатында ең алғаш жүлде алған кезін еске алды, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.

«Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмедім. Содан «мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем» деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Сөйтіп, уақытымнан бұрын әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Кейінірек бір жиынға бас баспер мені басқа қыздар келмей қалғандықтан олардың орнына шақырды. Ол кезде өзімді көрсету үшін жүгіретінмін. 2010 жылы Қазақстан бойынша әйелдер арасындағы чемпион болдым, содан кейін құрама қатарына қосылдым», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)