Мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдық имамды таң қалдырды

Мәһр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қалыңдықтың мешітте жолдасынан мәһр сұрап жатқан видео пайда болды,  деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Имамның «мәһр ретінде қандай неке сыйлығын сұрайсыз?» деген сұрағына қалыңдық акция сұраған.

«20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын», — дейді ол.

Имам «20 мың доллар, мәссаған!» дейді таңданысын жасыра алмай. Содан кейін имам 20 мың долларды теңгеге шақса, неше теңге болатынын, күйеу жігіттен оны беруге шамасы келе ме екенін нақтылайды.

Күйеу жігіт бұл соманы беруге мүмкіндігі бар екенін айтады. 20 мың доллар теңгеге шаққанда 9,4 млн теңге болған.

Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырған. Кейбіреуі 20 мың доллар қазір түк емес екенін жазса, кейбірі қалыңдықтың асыра сілтегенін сөккен.

«20 мың доллар дегені түк емес деп ойлаймын. Доллар дегенді естіп, шошып отырған болар. Ол қаржыға жақсы көлік немесе жер келе ме? Жігіт неге жылайын деп отыр? Күйеуі қиналып тұр ма? Бақыт ақшада емес. Жігіттің миы қорытпай қалған сияқты», — деп жазған олар.

Қалыңдық оларға жауап ретінде «аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын» деп жауап берген.