Қоғам

Зейнетақыны қолма-қол ақшаға айналдырып алуға бола ма?

Кейінгі 2-3 жыл көлемінде зейнетақы қорындағы қаражатты пайдаланудың бірнеше тиімді тетіктері пайда болды. Бірақ бүкіл қаржыны басы бүтін шотыңызға аударыпалатын мүмкіндік жоқ. Мемлекет ондай мүмкіндікті істемейді де. Себебі бұл заңға қайшы. Әрі-беріден соң зейнетақы қаражаты – сіздің зейнетке шыққанда пайдалануға тиісті ресурсыңыз, деп жазады Ozgeris.info.

Алматы облысында алаяқ тап осындай уәде беріп, бірнеше адамды құрыққа оңай түсіріпті. 35 жастағы зардап шегушінің айтуынша, алаяқ оның сеніміне кіріп, үлкен көлемдегі сомасын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 млн теңгеге есептеліп отыр.  

Полиция басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта алаяқтықтың 40 эпизоды анықталып отыр. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны (әйел адам) ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», делінген ресми хабарламада. 

Айтпақшы, алаяқтар көбіне жасы 60-тан асқан егде адамдарды қолқалайтын көрінеді. Бірақ реті келсе қай жастағыны да алдап өтуге бейіл екені де белгілі ғой.

Барлық жаңалық