Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жоғалған атасы мен немересі суға батқан көліктен табылды

Ақтөбе облысында жоғалған атасы мен немересі суға батқан көліктен табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен атасы мен немересінің денелері суға батқан көліктің ішінен табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Хромтау ауданында орын алған бұл қайғылы оқиға бойынша 25 маусым күні Төтенше жағдайлар департаментіне 65 жастағы ер адам мен оның жасөспірім немересінің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Олар Toyota Hilux көлігімен Құдықсай ауылынан Бозжыр бағытында жолға шығып, қайта оралмаған.

 

Із-түзсіз кеткендерді іздестіру үшін келесі күні ауқымды құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, сүңгуірлер де тартылды.

 

“26 маусым күні кешкі сағат 19:30 шамасында Құдықсай ауылы маңындағы Орь өзенінің арнасын тексеру барысында көлік анықталды. Сүңгуірлер өзеннің жағасынан 4 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдікте баланың денесін тапты. Кейіннен көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды”, – деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті.

 

Қазіргі уақытта көліктің өзенге қалай түсіп кеткені белгісіз. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеліп жатыр.

Барлық жаңалық