Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында ұзақ уақыттан кейін жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әзілкеш Астана қаласында өткен кешінде түсірілген видеоны жариялап, халыққа алғыс білдірген.
«Астана ыстық ықыластарыңызға және шынайы қошеметтеріңізге мың алғыс!», - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Алайда бұл жазбаның астындағы пікір жазу алаңы құлыптаулы болған. Сондықтан жұртшылықтың ойын білу мүмкін болмады.