Жаңалықтар
Ұстаздар күніне орай сыйлық алған мұғалімдер жазаланады
28.09.2023
103
Биыл Қазақстанда алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі нақты 5 қазанға бекітілді. Оқушылар мұғалімдер күніне орай ұстаздарына сыйлық жасай ала ма? Сыйлықтың АЕК көлемі қанша болуы керек? Заңды бұзғандарға қандай жаза қолданылады? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.
2020 жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасы үшін сыйлық, материалдық сыйақы және қызмет көрсетуге толық тыйым салынды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12 бабы және «Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50 бабына сүйенсек, беру себебіне (мереке күндері, туған күн), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан (мысалы, тәтті, кәдесыйлар) кез келген сыйлықты беруге тыйым салынды. Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұрынғы вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингі кезінде тілшінің сұрағына жауап беріп, сыйлықтарға ресми түрде тыйым салынғанын еске салған еді.
«Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады», - деді Шолпан Каринова.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып, ұстаздар қауымы сыйлықты алған жағдайда жазаның қалай болатынын айтты.
«Мектеп директоры үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 677-бабына сәйкес Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы — 600 АЕК айыппұл, қылмыстық үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы - параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленеді және 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексіне сәйкес мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған. Заңбұзушылық тіркелген жағдайда, ҚР Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
-
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады17:31, 16 сәуір 2026
-
Цифрлық зерде заманы: елімізде қандай өзгерістер болып жатыр?17:30, 16 сәуір 2026
-
Перизат Қайраттың Lexus-ы қайда? Мемлекеттік органдардың дерегі сәйкес келмей жатыр17:09, 16 сәуір 2026
-
"Жасыра алмаймын": Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)17:05, 16 сәуір 2026
-
-
Оралда екі бала терезеден құлап кетті16:14, 16 сәуір 2026
-
Тұрсын Алагөзовтің қымбат сыйлығы: Баян Мақсатқызы ғашықтар күнінде не алды?15:56, 16 сәуір 2026
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
Семейде еңгезердей еркек алты жасар қызға ұятсыз хаттар жазған15:05, 16 сәуір 2026
-
FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты14:36, 16 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
«Жаны жұмақта болсын»: Белгілі актер, халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті08:50, 16 сәуір 2026
-
-
Өзінен 19 жас кіші қызға үйленген танымал актер ұлды болды00:00, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
"Жігітпен жатпағанмын": Гүлмира Ізбасхан елді шулататын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:34, 13 сәуір 2026
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
-
"Жылап алдым": Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсынның ұлымен ерекше амандасты (ВИДЕО)09:46, 09 сәуір 2026
-
-
"1,5 жылдан кейін кездестік": Мөлдір Мұқан күйеуі Тұрсынбек туралы (ВИДЕО)11:41, 10 сәуір 2026
-
"Жалған пиар": Журналист Тұрсын Алагөзовке ауыр айып тақты (ФОТО)16:23, 10 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты17:40, 22 наурыз 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026