Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аудандағы трассада Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.