Танымал әнші Жанар Айжанова "Мамский әңгіме", бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді.
Өнер иесі екінші рет тұрмыс құруға деген көзқарасын білдірді.
"Реті келсе ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Жас кезде шығып кеткен жақсы. Айжұлдыздың артынан тағы бір бала ерсе деп ойлағанмын. Бірақ ермеді. Маңдайға жазылғаны сол болып тұр ғой. Менде қорқыныш болған жоқ. Мен тағы бір гастрольіме барып келейін, ананы істеп тастайын, үйімді үлкейтіп алайын, Айжұлдызды орнына қойып алайын деген секілді күнделікті қу тіршілікпен жүріп қалдым. Бірақ артынан шықтым ғой тұрмысқа. Бірақ бермейтін нәрсені Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін сонша дәмеленгенмін. Кім болса да артынан еретін бала туып алсам дегенмін. Бұйырмады", - деді ол.