Жаңалықтар

Қаралы хабар: Танымал журналист мезгілсіз көз жұмды

Қаралы хабар: Танымал журналист мезгілсіз көз жұмды

Абай облысында БАҚ саласының маманы суға батып қаза тапты деген ақпарат тарады. Таныстарының айтуынша, ол Алакөлге демалысқа барғанда көз жұмған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мейірқанова Әйгерім бірнеше жылдан бері журналистика, PR саласында қызмет атқарған. Тілшіміз оның әріптесімен байланысқа шықты.  

“Ол Алакөлде демалыста болған. Оның қазасы жайлы сіңлісінен естідік. Бізге оның суға батып кеткені туралы айтылды. Кейін жүрегі тоқтап қалған деген де ақпарат пайда болды. Әзірге бұл ақпаратты ресми ешкім растамады. Бұл оның жақындарының айтқаны”, – деді Әйгерімнің әріптесі. 

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады.

“28 маусым күні сағат 17:40-та Мақаншы ауданының полиция бөліміне "103" қызметінің диспетчерінен Алакөл көлінің жағалауында 38 жастағы әйелдің жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, әйелдің аяқ астынан жағдайы нашарлап, кейін есінен танып қалған.

Аталған факті бойынша Мақаншы ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады”, – деді ведомство. 

Барлық жаңалық