Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі көпшілікті ойланыдырып қойды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол желідегі парақшасында той көйлегімен түскен суреттерін жүктеген.
Айтуынша ол көйлек таңдауға арнайы салонға келген.
Оқырмандар жақында той екендігін айтып, түрлі болжам жасауда.
"Мәссаған, жақында той ма?", "3 баладан кейін қалай болар екен?", "Жай ма сіздікі?", "Кімге не дәлелдей алмай жүр?", "Мөлдірге қасарысып жатыр", - деп жазды көпшілік.
Сондай-ақ ол өзінің 12 жыл бұрын киген неке көйлегін көрсетті.
"Ақ неке көйлегімді көрсетейін бе? 12 жыл бұрын кигенмін. Сыйлап жіберуім де мүмкін мақтап жіберсеңіздер", - деп жазды ол.