Жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды  «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.  18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды. Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. 1ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
Барлық жаңалық