Туристерді баурап алған Караин, Дамлаташ, Дим орналасқан жерлердің сұлулығы таңдай қақтырады. Анталья маңында әлемдегі ең керемет жаяу жүргінші жолы бар. Мысалы, Писидияның мирас соқпағы, Ликия соқпағы, қасиетті Павл жолы.
Антальядағы Каш ауданы әлемдегі ең керемет 10 дайвинг мекенінің бірі ретінде танымал. Осы ауданда парагладайвинг, су спортының басқа түрлері туристерді қатты қызықтырады. Ал Белек өзінің әлемдік деңгейдегі гольф алаңдарымен танымал.
Түрік ривьерасының тізіміндегі Афьонкарахисар, Анталия, Бурдур, Испарта и Конья шеңберінде 16 көл бар. Сондай-ақ, Акшехир, Бурдур, Бейшехир, Эйрдир, Ковада мен Салда Travel + Leisure тарапынан “2023 жылдағы саяхпт жасайтын ең үздік мекендер” қатарынан табылды. Антальяға барсаңыз, тектоникалық көлдерді, тарихи римдік ескерткіштерді тамашалайсыз.
Түркиядағы лаванданы өсіретін аймақ – Испарта көлдер алаңында орналасқан. Жерорта теңізінің саналуан сұлулығымен қызыштыратын Испарта Тавр тауындағы бағалы тастың қалай жарқылайтынын көрсетеді.
Жерорта теңізінің гастрономиялық артықшылығы – бөлек әңгіме. Балық пен еңіз өнімдеріне басымдық берілетін тағамдарға көкөніс мол қосылады. Жергілікті шарап, күнефе мен балмұздақ та тек осы аймаққа тән.
Әйгерім Аман