Жаңалықтар

Ербол Хамитов 10 км жарыста сегізінші нәтиже көрсетті

Ербол Хамитов 10 км жарыста сегізінші нәтиже көрсетті

Қысқы Паралимпиада-2026 ойындарында шаңғы жарыстары жалғасуда. Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 10 шақырымдық жеке старт жарысында сегізінші орын алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Отырып жарысатын спортшылар арасында Қазақстан атынан үш адам қатысты. Ербол Хамитов жарыс жеңімпазынан 1 минут 21,6 секундқа қалып қойды.

Қазақстандық тағы бір спортшы Сергей Усольцев 19-орын алды. Ал Юрий Березин 21-орында жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов осы Паралимпиадада спринт жарысында қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы есепте 23-орында тұр. Паралимпиада ойындары 15 наурызға дейін жалғасады.

Барлық жаңалық