Көкшетау қаласында көктемгі су тасқынына байланысты арнайы штаб құрылып, жақын күндері тәулік бойы жұмыс істеуге көшеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында оперативті қарсытасқын штабы құрылған.
Қазіргі уақытта штаб 5 наурыздан бастап күндізгі режимде жұмыс істеп жатыр. Ал 15 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істеуге көшеді.
Қала билігі Көкшетау тұрғындары мен қала қонақтарын мүмкін болатын төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырды.
Азаматтар мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
📞 8 (7162) 29-78-09
📞 8 (7162) 29-78-34
Әкімдіктің мәліметінше, әзірге тұрғындардан штабқа ешқандай өтініш түспеген.
Бұған дейін Ақмола облысының алты ауданы мен Қосшы қаласында су тасқыны қаупі жоғары екені хабарланған.