Президент

Тоқаев: “Домбыра – ұлттың болмысы, халықтың қазынасы”

Тоқаев: “Домбыра – ұлттың болмысы, халықтың қазынасы”

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық домбыра күніне орай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше мазмұнды жазба жариялады. Мемлекет басшысы домбыраның қазақ халқы үшін айрықша мәдени әрі рухани құндылық екенін атап өтті деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

 

“Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” деген қанатты сөзді келтіре отырып, Президент жастардың ұлттық аспапқа деген құрметі мен қызығушылығын жоғары бағалады. Оның айтуынша, өскелең ұрпақ домбыраны қадір тұтып, салт-дәстүрге терең бойлай бастағаны – жақсы үрдіс.

 

«Бұл – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны дұрыс түсініп, қолдайтынына ризамын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент сонымен қатар мемлекет тарапынан руханият саласына ерекше мән беріліп жатқанын тілге тиек етті. Дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосқан азаматтар – Қайрат Байбосынов, Айгүл Үлкенбаева және Айгүл Қосановаға көрсетілген марапаттар жайлы да атап өтті.

 

«Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын», – деді Мемлекет басшысы.

Барлық жаңалық