Қоғам

Тойдағы тортқа талас: күйеу жігіттің сөзін елемеген асаба жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Тойдағы тортқа талас: күйеу жігіттің сөзін елемеген асаба жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Жас жұбайлардың тойында тортты анасына бергізген асаба жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Соңғы кезде Қазнетте «Тойдағы торттың алғашқы тілімін бірінші кім жеуі керек?» деген сұрақ қызу талқыланып жүр.

Әлеуметтік желіге жүктелген видеода асабаның «Той тортын кімге бересің?» деген сұрағына күйеу жігіт келіншегін таңдайды. Алайда асаба оның сөзін елемей, жігіттің анасын ортаға шақырып, тортты соған бергізеді.

Желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынап, «Мұндай асабаларды тойға шақырмау керек» деп жазып жатыр.

Сондай-ақ шақырған кезде ортаға жүгіріп шықты деп, енесін айыптағандар да табылды. Көпшілік «Жас жубайлардың арасына дәл осындай адамдар түседі» деген пікірде.

Барлық жаңалық