Жаңалықтар

Тимофей Скатов Тунисте үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Тимофей Скатов Тунис челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Т.Скатов осымен Тунисте үшінші жеңісіне қол жеткізді. Негізгі турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің – 175, осы доданың 6-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзиді жолдан тайдырды. Алдымен бірінші партияда Б.Бонзи басым болды – 7:5. Бұдан кейін камбэк жасаған Т.Скатов ойын тізгінін қолына ала білді – 6:3, 6:2. Екі сағат 42 минутқа созылған аса тартысты матчта Скатов 10 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Бонзи 7 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 241-ракеткасы, нидерландылық Гийс Брувермен таласады. Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде Т.Скатов 244-орынға көтеріліп тұр. Фото: ҚТФ
Барлық жаңалық