Жаңалықтар

Талғарда қыркүйекте жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Талғар қаласында қыркүйек айының ортасында хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Волонтёрлер тобы Lider.kz Insatagram желісінде іздеу жайлы ақпарат жариялаған болатын. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған Карлов Станислав Анатольевич 13 қыркүйек күні таңғы сағат 6 шамасында Талғардағы Ломоносов көшесі, 20-үйде орналасқан үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

 

Сипаттамасы бойынша: бойы 170-175 см, арықтау денелі, қара шашты, қысқа сақал-мұрты бар. Үстінде қара түсті капюшонды күртеше, басында қара кепка болған, сондай-ақ қолында қара түсті барсетка алып жүрген.

 

Іздеуге қатысқан еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесі Талғар аумағынан табылған. Алдын ала деректерге сәйкес, зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Нақты өлім себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Барлық жаңалық