Шоу-бизнес

"Таяқ жейді менен": Төреғали Төреәлі концертінде шу шығарды (ВИДЕО)

"Таяқ жейді менен": Төреғали Төреәлі концертінде шу шығарды (ВИДЕО)

Ақтауда жеке концертін берген Төреғали Төреәлі сахнада көңіліне жақпай қалған дүниені атап, сол үшін домбырасын шешіп, термесін орындамай қойды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар әнші микрофонының дауысын дұрыстай алмаған. Әнші «ренжіп қалғанын» жеткізді.

«Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім. Барлығын бүлдірді. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», - деді Төреғали Төреәлі.

Видео астына жұрт түрлі пікір қалдырған.

«Ақын ғой, мұндай адамдарда арқа болады. Бұның мінезіне халық та үйреніп қалған сияқты. Бойында қазақтың қаны мен намысы бар жігіт қой, ештеңе етпес. Әдетін әлі қоймапты», - деп жазған олар.

Барлық жаңалық