Жаңалықтар

СҚО-дағы өрт: Көз жұмған 5 жастағы қыздың анасы қамауға алынды

СҚО-дағы өрт: Көз жұмған 5 жастағы қыздың анасы қамауға алынды

Күні кеше хабарлағынымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты ауылдардың бірінде екі пәтерлі жер үйден өрт шығып, бес жасар қыз бен екінші үйде тұрған ер адам көз жұмған еді. Анықталғандай, бүлдіршінді анасы мен өгей әкесі үйге қамап кеткен екен, деп жазады Оzgeris.info "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, үйдің терезесінен түтін байқалған кезде көршілер бірден көмекке ұмтылған. Бірақ, олар есікті аша алмаған, өйткені, есік құлыптаған еді. 

"Көршілердің айтуынша, шешесі қызын үнемі жалғыз қамап кететін көрінеді. Бұл жолы да сыртынан құлыптап, қонаққа кетіпті. Кетерінің алдында пешке от жаққан, сол оттан түтін басталған тәрізді", – деп хабарлайды телеарна.

Дереккөзге сүйенсек, қыздың 33 жастағы анасы 31 жастағы ер адаммен азаматтық некеде өмір сүріп жатқан. Екеуі де ішімдікке құмар көрінеді. Бұған дейін келген комиссия мен әлеуметтік қызмет бұл отбасыны осал отбасылардың қатарына қоспаған.

"Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Бикеневтің айтуынша, баланың өлімінен кейін полиция оның анасын ұстаған", – деп хабарлайды телеарна.

Барлық жаңалық