Жаңалықтар

Семейде жол үстінде көлік аударылып қалды

Семейде жол үстінде көлік аударылып қалды

Семейдегі Нұршайықов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында екі көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Алдын ала мәлімет бойынша Toyota көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басты жолмен – Уәлиханов көшесімен келе жатқан. Сол кезде Нұршайықов көшесімен келе жатқан Chery көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жол бермей, екі көлік соқтығысқан.

"Салдарынан Chery аударылып қалды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, апаттың мән-жайы анықталады.

Барлық жаңалық