Ресейлік сарапшылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әлем мойындаған саяси көшбасшы әрі сенімді әріптес деп атап, оның сыртқы саясатын салмақты және болжамды деп бағалады. Бұл туралы Gazeta.ru басылымында жарияланған мақалада айтылды.
Саясаттанушы Виталий Млечин Тоқаевты «пафоссыз, нақты сөйлейтін, жүйелі әрекет ететін» көшбасшы деп сипаттап, Қазақстанның көпвекторлы саясаты Ресеймен тығыз ынтымақтастықты жоққа шығармайтынын айтты.
Берлиндегі мәлімдемесінде Тоқаев:
«Қазақстан — “антиРесей” емес. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық орнату бағытын берік ұстанамыз», — деді.
Саясаттанушы Андрей Выползов тіл мәселесіне қатысты Тоқаевтың «Азаматтарға жеке өмірінде қай тілде сөйлейтінін ешкім мәжбүрлей алмайды» деген сөзін атап өтті.
Сарапшылар Қазақстанның сыртқы саясаты егемен шешімдерге негізделгенімен, одақтастық міндеттемелерден бас тартпайтынын жеткізді.