Жаңалықтар

Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласының бас сәулетшісі Арман Әбдешовті ұстады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілініп отыр.

 

Белгілі болғандай, Әбдешов ақпан айында қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде қала әкімінің орынбасары лауазымына Руслан Берденов тағайындалған.

 

Назар аударар жайт — бас сәулетшінің қамауға алынуы мен «Тұрғын үй Шымкент» қалалық компаниясының директоры Ернар Жиембайға қатысты сот процесінің бір мезгілде өтуі. Жиембай Берденовке оқ атқан деген айыппен сотқа тартылып жатыр.

 

Кеше өткен сот отырысында құрылыс басқармасының бір қызметкері куәлік беріп, Берденов бірнеше мәрте жиналыс өткізіп, «Антикор» тарапынан тексеріс болатынын ескерткенін айтты. Дегенмен бұл екі істің өзара байланысы әзірге анықталмаған.

 

Айта кетсек, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот жалғасуда. Кешегі тыңдауда оның денесіндегі жарақаттардың фотосуреттері жария етілді.

Барлық жаңалық