Жаңалықтар

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақ табылды

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақ табылды
Оқиға 2025 жылғы 14 тамызда Зачаганск шағынауданындағы Бірлік көшесі, 17-үйдің ауласында болған. Бұл маңда құқық қорғау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, "102" пультіне қоқыс контейнерінен сәби табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.

Облыстық Полиция департаменті ақпаратта растады.

"Орал қаласында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері ананы анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр және оқиғаның мән-жайын анықтауға тексеру жүргізілуде", – деді БҚО ПД өкілдері.

Оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Барлық жаңалық