Жаңалықтар

"Қиын жағдайдамын": "Дикий" Арманның әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)

"Қиын жағдайдамын": "Дикий" Арманның әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)

20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің жары жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, жақында сотталушының анасы дүниеден озған еді. 

“Мына видеода апам, Арманым және Мариям Медина қызым төртеуіміз. Бұл менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын. Оны төсегіне келіп, бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін”, – деп жазды.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қылмыс әлемінің серкесі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, оларды ұйымдастырғаны, адам ұрлап, оның өліміне себеп болғаны, сондай-ақ адамды заңсыз бостандықтан айырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл бойы қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. 

Барлық жаңалық