Павлодар облысы

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

13 тамыз күні Белов–Қалқаман автожолында, Сольветка ауылының маңында, Toyota Ipsum және Toyota Camry маркалы екі автокөлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қаза болғандармен байланысты факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен жолаушының 19 жастағы Астана қаласының тұрғыны екенін хабарлады.

– Оқиға кезінде оның басынан, кеуде тұсынан және аяқтарынан ауыр жарақат алып, сүйектері сынған. Жедел жәрдеммен Ақсу қаласына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, өкпесі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

 

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе көлік қозғалысы жиілейтін учаскелерде абай болуды және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап отыруды ескертеді.

Барлық жаңалық