Жаңалықтар

Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 20 мұғалім анықталды

Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 20 мұғалім анықталды
Қызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істеу деректері анықталды. Бұл келеңсіздіктер прокуратураның тексеруі барысында анықталған, деп хабарлайды Ozgeris.info. Тексеру барысында Байқоңырдағы 2 мектепте – 3, Қазалыда 3 мектепте – 4, Қармақшыда 1 мектепте – 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болған.
«Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелді. Материалдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жіберілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесінде 56 қадағалау актісі енгізіліп, 1 100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауапқа тартылды. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.
Барлық жаңалық