Жаңалықтар

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтілуде

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтілуде

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 2 қазанда, елдің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтемемен.

 

Бұл құбылыс белгілі бір ауа райы факторларының әсерінен туындайды. Яғни зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, таралмай қалады.

 

«2025 жылдың 2 қазанында қолайсыз метеожағдайлар Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

 

Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) дегеніміз не?

ҚМЖ – бұл атмосфералық құбылыстардың жиынтығы. Мысалы: Желдің болмауы немесе тым баяу соғуы,тұман,температуралық инверсия,тынық ауа райы.

 

 

Осындай жағдайларда ауадағы зиянды бөлшектер мен өндірістік қалдықтар таралмай, қала ішінде жиналып қалады. Бұл әсіресе тығыз қоныстанған аудандарда және өндіріс орындарына жақын аймақтарда ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі.

Барлық жаңалық