Қазақстанда ең жас ауыл әкімі ретінде 27 жастағы Сағынжан Тұрақбаев аталып отыр. Ол – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылдық округінің әкімі. Тұрақбаев бұл қызметке 2024 жылы сайланған, деп хабарлайды Оzgeris.info.
«Жаспын деп еркелеуге болмайды. Барлық іске жауапкершілік керек. Ауыл тұрғындарының сенімі мен аманаты бар. Сондықтан бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеп жатырмыз», – деді жас әкім.