Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады
Елде кәсіби мерекелердің саны жайлы бұйрыққа өзгерістер енді, деп хабарлайды Ozgeris.info. «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына 17 маусымда өзгерістер енгізілді. Құжат нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32924 болып тіркелді. Біздің еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне мыналар қосылды: -Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір; -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір; -Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр; -Ветеринарлық қызметкер күні – 10 шілде; -Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі; -ҚР жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан; -Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан; -Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша. Осылайша, қазір Қазақстанда барлығы 63 кәсіби мереке бар.
Барлық жаңалық