
Жаңалықтар
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ «ART-ORDO – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасымен 24-29 қыркүйек күндері аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтетін «ART-ORDO – 2023» халықаралық театр фестиваліне қатысады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Биыл IX-шы мәрте өтетін фестиваль - КСРО Халық артисі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Кыдыкееваның 100 жылдығына арналады.
«АRT-ОРДО» - Орталық Азияның театр кеңістігіндегі жаңашылдық пен сахналық ізденістерді арқау ететін ең беделді халықаралық театр фестивалі.
Фестивальге Әзербайжан, Ресей, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан театрлары қатысады. Әр ел соңғы екі жылда шыққан үздік қойылымдарын ұсынады.
Қаллеки театрының «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» қойылымының премьерасы 2022 жылы өтті. Қоюшы режиссері – Р.Туминастың шәкірті, Е.Вахтангов атындағы Мәскеу академиялық драма театрының режиссері Гүлнәз Балпейісова. Жаңаша үнде көрерменімен қауышқан қойылым «TEATRALL» ІІ халықаралық театр фестивалінде көрсетіліп, театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Спектакль театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» М.Мырзақұлова. Композитор – Олег Синкин. Қоюшы суретші - Қанат Мақсұтов. Жарық суретшісі - Нарек Туманян. Хореограф – Ильмира Имангазина. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Спектакльде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Нөгербек, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ж.Ерболат, «Серпер» сыйлығының лауреаттары – Ш.Ордабаев, О.Жақыпбек, актриса А.Жетпісбаева, актер Н.Есен, М.Наменов, Б.Шалқар, С.Анварова, Б.Қалила, А.Мамыр, Ә.Бектас, М.Макибаева өнер көрсетеді. Қойылым Бішкек қаласында көрермен назарына 27 қыркүйек күні ұсынылады.
Фестивальді Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі, Қырғызстан театр қайраткерлерінің одағы ұйымдастырып, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы қолдайды. Фестивальдің мақсаты - театр өнерін насихаттау, жас ұрпақты заманауи сахна өнерінің үздік үлгілеріне тәрбиелеу, театр қайраткерлерінің кәсіби тәжірибесімен алмасуына, олардың қоғамдағы орнын арттыру және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу.
«Art-Ordo 2023» фестивалінің қазылар алқасының құрамында қатысушы елдердің жетекші театр қайраткерлері (сыншылар, театртанушылар, драматургтер, режиссерлер, актерлер мен сценографтар) болады.
Фестивальде «Үздік спектакль», «Үздік режиссура», «Үздік сценография», « Үздік музыкалық сүйемелдеу», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел рөлі», « Үздік қосалқы актер», «Үздік қосалқы актриса», «Үздік актерлік ансамбль» номинациялары беріледі, «Үздік эпизод», «Үздік дебют», Көрермен сыйлығы» және «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациялары бойынша марапатталады.

-
ТЭЦ-2 әлі көмірмен жұмыс істеп тұр: Алматыны улап жатқан жүйе кімге тиімді?
00:48, 26 шілде 2025
-
-
Facebook пен Instagram-да енді саясат жарнамаланбайды
18:03, 25 шілде 2025
-
ҚМДБ вейпке қарсы дауға нүкте қойды
18:00, 25 шілде 2025
-
Жарты жылда елімізде 290-нан астам дүкен ашылған
17:49, 25 шілде 2025
-
Tesla кейінгі он жылда болмаған дағдарысқа түсті
17:39, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Жемқорлық күдігі: Қызылордадағы шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланған
16:59, 25 шілде 2025
-
Kaspi дәрі-дәрмекті 60 минутта жеткізетін қызметті іске қосты
16:19, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
-
"Тура жолмен жүрмедің": Ақын Иранғайып Жүрсін Ерманға ойындағысын айтты (ВИДЕО)
14:34, 25 шілде 2025
-
Мемлекетке миллиард қарызы бар Әбішева туған күнін дүркіретіп атап өтті
11:40, 25 шілде 2025
-
Шерзат ісі: сотталғандардың бірі түрмеден шықты
09:29, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Бұрынғы жігіт үшін жанжал: Павлодарда екі әйел салонда төбелесті (ВИДЕО)
15:04, 25 шілде 2025
-
Ақтауда қатты жел бес адамды теңізге алып кетті
10:30, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
Қадыровтың Бодрумдағы демалысы төтенше жағдаймен аяқталды
09:26, 25 шілде 2025
-
Бала еміне жиналған ақша пәтер мен көлікке кеткен - ерлі-зайыптылар тергеуде
12:42, 25 шілде 2025
-
-
-
Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін айтты
05:15, 21 шілде 2025
-
-
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
-
-
Суық хабар: Қазаққа белгілі журналист көз жұмды
17:29, 21 шілде 2025
-
"Тек дәреті барлардың қолын ұстайды": Сәкен Майғазиев әріптесі Мөлдір туралы (ВИДЕО)
15:13, 23 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025